Құрметті клиенттер! Freedom Broker-де біз жоғары әдеп стандартына, сондай-ақ іскерлік операциялардың толық заңдылығы мен ашықтығына ұмтыламыз.
Сол үшін де, әрқайсыңыздың сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, өкілеттікті теріс пайдалану немесе мүдделер қақтығысы сияқты орын алуы ықтимал бұзушылықтар жайында хабарлауға мүмкіндігіңіз бар.
Егер сізге ұқсас жағдайлар жайында белгілі болса, бұл туралы мынадай: [email protected] электрондық поштасына анонимді және конфиденциалды түрде хабарлама жібере аласыз.
Сіздің дауысыңыз маңызды. Біз барлығы үшін адал да, қауіпсіз орта құрамыз.
Сондай-ақ қазіргі уақытта интернетте жалған жарнамалар мен аккаунттар көп таралуда. Freedom Broker-дің қызметкерлері оларды қолдану арқылы пайдаланушылардың деректері мен ақшасын иемденіп алуы мүмкін.
Абай болыңыз! Ақпаратты компанияның ресми дереккөздерінде тексеріп, күмән тудыратын кез келген ресурстар жайында хабарлаңыз.